Бүгін Алматы академиясында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арнап концерт ұйымдастырып, құрмет таныттық- деп мәлімдеді ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының басшысы Айдар Сайтбеков.

Концерттік бағдарламада жеке құрам мен халықаралық конкурстардың лауреты Әлия Тасубаева мен «Жас қанат» конкурсының лауреаты, «Жылдың үздік әні» номинациясы бойынша алтын диск иегері, «Жылдың үздік тобы» атанған «Яшлык» тобы өнер көрсетті. Ардагерді құрметтеу- қашанда ардың ең биік ісі.
Сондықтан бүгін біз -ардагерлерімізге бас иіп, одарға құрмет көрсетіп, алғыс білдірдік.
Қай уақыта да сабырмен тереңде тұнып ағатын, түбінде барып теңізге құятын арналы өзеннің ағысындай болған ардагерлеріміз аман болсын. Ел мүддесін биік қоятын, өзінен кейінгі ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің біз үшін орны ерекше.
Бізге үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету бағзыдан қалыптасқан. Үлкенге ізет көрсеткен дана халқымыз «Қариясы бардың – қазынасы бар» деген қанатты сөз қалдырған. Бұл – үлкенін ізеттейтін, кішісін құрметтейтін елге ғана тән қасиет екенін бүгін академия жеке құрамы өз биігінде көрсетіп, ардагерлерге ерекше көңіл күй сыйлады. Еліміздің еңсесі биік болсын құрметті оқырмандар!
Алматы академиясының басшысы Айдар Сайтбеков
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?