Алматының жеке секторында шолақ мылтығы бар қарақшылар ұсталды- деп мәлімдеді, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров.
Медеу ауданы полициясының мәліметінше, кешкі тоғыз жарымда үш ер адам өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған: күш қолданып, ұялы телефоны мен басқа да мүлкін тартып алған.
«Жедел шаралар кешені, соның ішінде қаланың бейнебақылау жүйелеріне мониторинг жасау кезекші тәулік ішінде қаскөйлердің жүріп өткен көлік маркасын, сондай-ақ олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл — 1992, 2003 және 2004 жылы туған жергілікті тұрғындар. Күдіктілердің көлігі Тәттімбет көшесінде бөгелді. Шабуылшыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілді. Көліктің ішін тінту кезінде шолақ мылтық табылды. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның шығу тегі, қандай қылмысқа қатысы бар екені осы зерттеу нәтижесінде белгілі болады», — деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Спикердің айтуынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде үш тонауға қатысы бар екендігі анықталды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?