Бір жыл бұрын, Ордабасы ауданындағы Шерімқұлов мектебінде жұмыс жасаған Ұлжан Елмұратова есімді педагогтың жұмыс орнына кіріп, балағаттап кеткен Арайлым Шарипова және Маржан Каназаровалар туралы Ордабасы аудандық сотындағы судья Кенжебаеваның төрағалық етуімен, Ұлжан Елмуратованың арызы негізінде ҚР ҚК-нің 131- бабы 2- бөлігімен қылмыстық іс қаралып, ақтау үкімі оқылған болатын. Бұл іске келіспеген, қаншама жылдық тәжіребесі бар, У. Елмұратованың адвокаты Гульжазира Мынбаева, соттың ақтау үкіміне келіспей, Түркістан облыстың сотына апелляциялық шағым келтірген.

Адвокат Мынбаева  Гульжазира  Нәліханқызы
Адвокат Мынбаева Гульжазира Нәліханқызы

Апелляциялық шағымды жолдаған сәтте, Ордабасы аудандық сотының судьясы бір емес 4 кемшілік жіберген судья Кенжебаеваның  облыстағы апелляциялық алқа төрағасы шағымды кері қайтарған. Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша төрағасы Айдос Сұлтанов, бірінші сатыдағы сот,

  • бірінші сатыдағы сот жоғарыда аталған іс жүргізу заң талаптарын орындамай, яғни бұзып, адвокаттардың апелляциялық шағымдары және айыптаушы У. Елмұратованың және де тиісінше адвокат Г. Мынбаеваның шағымын екінші тараптың адвокатына, ал екінші тараптың адвокатының шағымын Г. Мынбаеваға жолдамағанын,
  • бұл ретте, аудандық сот жеке айыптаушы У. Елмуратованың,  адвокаттардың  іс жүргізу заңында көрсетілген  құқықтарының бұзылуына жол бергендігін,
  • аудандық сот іс жүргізу талаптарын бұзып, іс бойынша шығарылған үкім заңды күшіне енбей және оған шағым жасау мерзімі өтпей тұрып қылмыстық істі 2022 жылы 8 тамызда апелляциялық сатыда қарау  үшін жолдап жібергенін,
  • мұнан бөлек аудандық сот ҚПК-нің 421- бабының 2- бөлігінің талаптарын орындамай, адвокат Е. Т.-ның берген апелляциялық шағымын апелляциялық сатыда қарауға жолдамағанын көрсеткен.

Апелляциялық шағымды жөндеп, заң тармақтарына сәкестендіріп жолдай алмаған судьялар қалай адам тағдырын шешіп, үкім оқып жүргені біз БАҚ өкілдеріне белгісіз.

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судья Талғат Оңғарбаев төрағалық етуімен, Каназарова Маржан Шаяхметованы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 131- бабы 2- бөлігімен кінәлі деп танылып үкім кесілді. Судья Талған Оңғарбаев Каназарова Маржан Шаяхметованы ҚК-нің 71- бабы 1- бөлігі 1) тармағына сәйкес ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатып, Маржан Шяхметованы Қазақстан Республикасының жәбірленушілер өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде, яғни 14 585 (он төрт мың бес жүз сексен бес) теңге мәжбүрлі төлем өндіруді міндеттей отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 484- бабының 2- бөлігі талаптарына сәйкес наразылық, өтінішхат бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралмайтын етіп үкім оқып, адвокат Мынбаева Гулжазира Нәліханқызының арызын қанағаттандырды.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?