Валютаны заңсыз әкетудің алдын алу туралы, ҚР ҰҚК баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
2022 жылғы мамырда шекарашылар «Ауқатты» автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) 500 000-нан астам АҚШ долларын заңсыз әкетудің алдын алды.
Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті ү.ж. 14 наурызда «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» № 830 Жарлыққа қол қойғанын еске саламыз.
Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.
Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?