ҚР ПІБ медициналық орталығы  ауруханасының кардиохирургтары шағын қол жетімділікпен коронарлық артерияны шунттау операциясын жасады-деп мәлімдеді президенттік клиникасы.
19-23 желтоқсан аралығында ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасында серіктестік іс-қимыл шеңберінде «MICS BABLIAK’S ACADEMY» «Добробут» клиникасының кардиохирургы Володимир Демьяненконың қатысуымен TCRAT (Total Coronary Revascularization via a left Anterior Thoracotomy) бірегей инновациялық әдістемесі бойынша тренинг өтті.
Володимир Демьяненко TCRAT әдісі бойынша жасанды қан айналымы жағдайында шағын қол жетімділіктен коронарлық артерияны шунттау бойынша инновациялық технологияның ерекшеліктері ұсынды, бұл кеуде қуысын кеспей аз инвазивті тәсілмен коронарлық артерияны шунттауға мүмкіндік береді. Яғни, кеуде қуысының сүйектеріне зақым келтірмей, қабырға аралық жолмен жүрекке операция жасауға болады.
Жаңа әдістемесінің көмегімен Медициналық орталық ауруханасы мамандарының бригадасы Володимир Демьяненконың тікелей тәлімгерлігімен жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан және коронарлық артериялары күрделі зақымданған пациенттерге операция жасады. Пациенттер қазір бөлімшеде, өздігінен жүріп-тұрады, жағдайлары қалыпты.
Пациенттерге бұл технология қысқа мерзімде оңалтуға мүмкіндік беретіндіктен және операциядан бір апта өткеннен кейін-ақ жұмысы мен белсенді өміріне қайта орала алатындықтан тиімді болып табылады.
TCRAT технологиясы Франция, Германия, Италия, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері сияқты елдерде қолданылады. Енді бұл технология Медициналық орталық ауруханасының практикасына да енгізілді, МӘМС пен ТМККК шеңберінде пациенттердің жүрек қантамырларын шунттау үшін әдеттегі стандарт ретінде қолданылатын болады.
Тренингке Аурухананың жетекші кардиохирургтары мен кардиологтары, сондай-ақ «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ, «ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ, Астана қ. №2 көпбейінді аурухана, Көкшетау қаласының көпбейінді облыстық ауруханасы және Қостанай облыстық ауруханасының дәрігерлері қатысты.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?