Кәсіби даярлық факультеті қылмыстық процесс кафедрасымен бірлесіп онлайн-сабақ ұйымдастырды, оның шеңберінде СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы Табарин Сергей 3 курс курсанттарына «Е-қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеудің басталуы» тақырыбында дәріс оқыды.

Сабақ барысында қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу мәселелері, сондай-ақ электрондық қылмыстық істі жүргізу тәртібі зерделенді. Дәріскерге қылмыстық істерді электрондық форматта жүргізу кезінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдану жөнінде сұрақтар қойылды. Мұндай сабақтар өңірлермен тығыз байланыста болуға, сондай-ақ ІІО аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінен практикалық қызмет бойынша түсініктемелер алуға көмектеседі. Аталған іс-шара қазақстандық полицияның 30 жылдығына арналды-деп мәлімдеді Қарағанды полиция академиясы.

Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?