Алматыдағы мешітте екі қаскөй ұрлық жасап жүрген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров мәлімдеді.
Қаланың Бостандық ауданының полицейлері мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 және 34 жастағы жұмыссыз ер адамдар ұсталды. К.есімді азаматтың 5 қылмысқа қатыстылығы дәлелденді, оның «әріптесі» — Е.есімді азамат заңсыз әрекеттердің екі дерегін жасаған. Екі айыпталушы да шаһардың ірі мешіттерінің бірінде бірнеше ұрлық жасаған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар намаз кезінде телефондарын аяқтарының астына еденге қойған. Намаздан кейін олар телефондарын жоғалтқанын байқаған. Ұсталғандар ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды, олар өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкінді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерудеміз. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», — деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?