Департаментімізде  жыл қорытындысына сәйкес үздік үздік қызметкерлер марапатталды- деп жазба қалдырды, Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы.
Әне-міне дегенше 2022 жыл да өз соңына таяп қалды. Бүгін, департаментімізде жыл қорытындысы бойынша өз міндетін адал атқарып, қызметте қырағылық танытқан әріптестерімізді марапаттау жиыны өтті.
Жиын барысында 11 полицейге арнайы номинациялар табысталды. Атап айтқанда, 2022-жылдың -«Үздік жас жедел уәкіл» Төрекелді Әбубәкір;
— «Үздік Штаб инспекторы» Хаким Жәнібек;
— «Үздік жедел уәкіл» Иманов Сұлтан;
— «Үздік тергеуші» Зиябек Өмірбек;
— «Үздік анықтаушы» Тастемирова Ақбота;
— «Үздік криминалист» Мүталов Дастан;
— «Үздік кадр инспекторы» Бейсенбаев Нуржигит;
— «Үздік көші-қон инспекторы» Нысанбаева Гульжан;
— «Үздік кезекші» Примбетов Жандос;
— «Үздік учаскелік полиция инспекторы» Тукишев Мурат;
— «Үздік қызмет инспекторы» Батырбаев Сафуан деп танылды.
Осы тұста, барша әріптестерімнің отбасына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Қызметте үздік, өз ортасында абыройлы болуына шын жүректен тілектеспін. Әлихан Бөкейханұлы айтпақшы, «Ұлтқа қызмет ету- білімнен емес, мінезден». Қатарымызда ер мінезді, өр рухты, антына берік сақшыларымыз көп болғай. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын!
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?