Қызметтік иттер бірнеше санатқа бөлінеді: із бойынша іздейтіндер – жедел-тергеу топтарының құрамында ізін суытпай қылмыстарды ашу, арнайы — жарылғыш заттарды, оқ-дәрілерді іздеу және есірткі құралдарын іздеу, жергілікті жерлерде қылмыстардың алдын алу, профилактика бойынша жұмыс жүргізіледі. Осыған орай, академияның алғашқы кәсіптік даярлық курстарының (№ 4 факультет) криминалды полиция бағыты бойынша оқытылып жатқан тыңдаушылары үшін, жедел іздестіру кафедрасының ұйымдастыруымен көшпелі сабақ өткізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы мәлімдеді.

Сабақ барысында кинология орталығының қызметкерлері тыңдаушыларды кинологтардың жұмысын ұйымдастыру мен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде өзара іс-қимыл тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ, жарылғыш заттар, қару-жарақ, оқ-дәрілер мен есірткі заттары табылған кезде қызметтік иттің мінез-құлық ережелері айқын көрсетілді.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?