2023 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы мәлімдеді.
Ғылыми кеңестің төрағасы, саяси ғ.д., з.ғ. к., қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі А. Сайтбеков Қазақстан Республикасы ІІМ-нің алқасында ведомстволық ғылымды дамыту мәселелері ішкі істер қызметін жетілдірудің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылғанын атап өтті. Бұл тұрғыда Ғылыми кеңестің күн тәртібіне Академияның ғылыми қызметіне, атап айтқанда, ғылыми мектептердің, Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) және докторлық диссертацияларды (PhD) қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді енгізу қисынды болды.
Академияда 4 ғылыми мектеп, яғни академик Т.А. Кулибаев, з.ғ.д., профессор А. Ф.Әубәкіров, з.ғ.д., профессор Е.І. Қайыржанов және з.ғ.д., профессор С.Е. Еркенов атындағы мектептер, табысты жұмыс істейді. Ғылыми мектептердің көпжылдық өмір сүруі олардың ұжымдық ғылыми шығармашылықты ұйымдастырудың нысаны ретінде де, ғылыми білімді тарату, зерттеу жұмысының дағдылары мен әдістерін беру, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау нысаны ретінде де өз тиімділігін дәлелдеді.
Академия бастығы А. Сайтбеков Академияның ғылыми беделін арттыру, ғылыми қоғамдастықта жас зерттеушілерді ілгерілету мақсатында ғылыми мектептер мен ЖҒК-нің қызметін жандандыру қажеттілігі туралы мәселені көтерді. Ғылыми кеңес ғылыми мектептер мен Жас ғалымдар кеңесінің қызметіндегі ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.
Ерекше назар Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесінің қызметі туралы есепке аударылды.
Ғылыми кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту және т.с.с. өзекті бағыттар белгіленді.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?