Шымкент қаласының криминалдық полициясы 50-ден астам азамат құрбаны болған екі интернет-алаяқты ұстады. Бұл туралы Салтанат Қаракөзова мәлімдеді.

Әл-Фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында жарнамалық сайттардың бірінде белгісіз ер адам өзін әскери қызметкер ретінде таныстырып, электронды мотокөлік ұсынғанын хабарлады. Жәбірленуші оған сенім артып, есепшотына 625 000 теңге аударым жасаған. Алайда, ол келісілген тауарды алмаған соң, алаяқтың құрбаны болғанын түсінген.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТ\БТ-ға тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті

Шымкент қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел- іздестіру жұмыстары оң нәтижесін берді. Интернет-алаяқтықпен айналысқан Атырау және Астана қаласының екі тұрғыны анықталып, тұрғылықты мекен-жайында ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілердің жарнамалық сайттарда жиһаз және көлік түрлерін ұсынғаны анықталды. Олар тұтынушылардан алдын ала төлем ретінде, жалпы тауар құнының 50 пайызын алып, содан кейін ізін суытып отырған. Осылайша еліміздің әртүрлі қалаларынан 50-ден астам адамды алдап үлгерген.
Қазіргі таңда, күдіктілер қамауда. Полицейлер оларға қатысты арыз-шағымның көбейуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондай-ақ, тұрғындарға интернет арқылы тауар сатып алу кезінде өте сақ болуды ескертеді.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?