БҚО-ның 53 жастағы тұрғыны «арзан» жер телімдерін сатқан. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 1970 жылы туған Р.есімді азаматша ұсталды.
«25 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 22 млн теңгеден асады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің осы кезеңінде, әйелдің, азаматтардың сеніміне кіріп, оларға жер телімдерін нарық бағасынан төмен бағаға сатып алуды ұсынғаны анықталды. Ол «әлеуетті клиенттерден» бастапқы жарнаны алған, оның сомасы жер телімінің орналасқан жеріне байланысты өзгеріп отырды, әйел адам ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен. Қазіргі таңда 25 қылмыстық эпизод анықталды», — деді, Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.
Полиция қызметкерлері Р.есімді азаматшаның қаланың басқа да жерлерінде осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты, олар азаматтардан осы суретке мұқият қарап, әйелді таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұрайды: 8-702-448-63-37 және 227-55-02.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?