Алматыда көлік ұрысы «ізін суытпай» ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Жетісу аудандық полициясының мәліметінше, сауда үйлердің бірінің тұрағынан «ВАЗ-2114» көлігі ұрланған.
«Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Н.есімді азамат ұсталды. Көлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның қалада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді, Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жәнібек Шынасылов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?