Алматы полициясы «қалта ұрысын» ұстады. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді.
Белгілі болғандай, егде жастағы ер адам қалалық қоғамдық көлікте жолаушылардың назарын аудармаған. Бұл оған азаматтардың қалтасынан әмияндар мен ұялы телефондарды ептілікпен шығарып алуға көмектесті.
«Алматы облысының тумасы қаланың Алмалы ауданында «жұмыс істеген». Ұрлық Төле би даңғылымен жүретін қоғамдық көліктердің бағыттарында жасалған. Ол соңғы ұрлығын Төле би даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында 201-ші қоғамдық көлікте жасады. Ер адам жолаушының қалтасынан «Айфон» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қаскөй ұсталғаннан кейін мобильді құрылғы тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың 6 қалта ұрлығына қатыстылығы дәлелденді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері, қаскөйдің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?