Қызылордада бұзақылық жасаған күдікті құрықталды. 7 ақпан күні сағат 01:31 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасына қала аумағындағы түнгі клубтардың бірінде төбелес орын алғаны жайлы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, сырттан келген азамат жәбірленушімен сөзге келіп, кейін жанжал төбелеске ұласқан. Күдікті атыс қаруын пайдаланып, жәбірленушіге дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Оқиға орнынан айғақ заттар алынды.

Қалалық ауруханада жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде істі болған 23 жастағы азамат ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен «Бұзақылық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?