Тұран АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Арман Арипжанов қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған адамды ұстады. Бұл туралы Салтанат Қаракөзова мәлімдеді.
Бүгін түскі сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды. Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келді. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болды. Нәтижесінде олардың бірі жараланды. Оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан қарулы адамды Патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады.
Белгілі болғандай, ер адам, Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған «Сайга» карабині тәркіленді.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?