Түркістан облысындағы Түркістан қаласында орналасқан,  қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында, судья К. Калмағамбетовтың төрағалығында қаралып жатқан, ҚР ҚК-нің 297- бабыбының 3 бөлігі бойынша қылмыстқ істе, сотталушылар Тиллаханов Рауан, Турганбаев Бауыржан, Карибаев Алшынбек, Есенбеков Женисбекжандардың сөз жарыс кезінде айтқан ақиқаттары жаға ұстатты.

Әлеуметтік желілерде, орган қызметкерлерінен көңілі қалып, сенімі сөнген қазақ жігіттерінің жанайқайы жарияланып, олардың 80 кг кептірілген марихуаннаны орган қызметкерлерінің өздері арандатып алдыруға итермелегені туралы олардың қоғамдық қорғаушылары мен әйелдері, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне айтып берген болатын.

Сотталушылардың  қоғамдық қорғаушыларынан орган қызметкерлері істі жабуға 1,5 млн қаражат алды  деген мәліметті естігенсоң, біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Түркістан қаласы, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық сотының төрағасы К. Калмағамбетовқа арнайы сұраныс хат жолдап, ашық сот отырсына қатысуға, тараптардың келісімімен сот барысын бейнежазбаға түсіруге және сотталушылардан сұхабат алуға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылдың 21- қаңтар күні  болып өткен сот отырсында, адвокаттар Гульжазира Мынбаева, Марин Абдисамат, Сәкен Асылбеков, Мақсат Қарабаев, Абылай Абдрасиловтар өздерінің қорғаундағы төрт қазақ жігітіне араша түсіп, сөз  жарыста бар шындықты судьяға журналистердің көзінше жайып салды.

Сот тергеуі аяқталғанда мемлекеттік айыптаушы прокурор өзінің айыптау актісін оқып, сөз соңында соттан, әр сотталушыға мүлкін тәркілеуінсіз, 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бейнежазбадан толығырақ: https://www.youtube.com/watch?v=mHTWSXdNbgo&t=46s

Алайда аталған қылмыстық іс бойынша қаралып жатқан сот отырсы барысында адвокат Сәкен Асылбеков, мемлекеттік айыптаушы прокурордың оқыған айыптау актісіне шүйлікті. Адвокаттың айтуынша, тергеудің толықтығы, обьективтілігі қамтамасыз етілмеген. Бейнежазбадан толығырақ:  https://www.youtube.com/watch?v=wFR-F3dfYh4&t=20s

Сөз жарыс жалғасында адвокат Мынбаева, сот сараптамасына келіспей, ол сараптаманы істен алып тастауды сұраған қорғаушы, сот сараптамасына жіберілген 80 кг есірткінің жартысынан көбі жәй ғана шөп болуы мүмкін, алайда ол есірткі екенін анықтаудағы жасалған сот сараптамасы негізсіз, дұрыс жасалмаған деген пікірімен жаға ұстатты. Кейін белгілі болғандай, аталған 80 кг есірткінің көзі жойылып кеткен екен.

Тағы таң қалатын жәйт, 23.04.2022 жылы жасырын бақыланатын сатып алуды жүзеге асыру ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша басшыстығымен бекітілген санкцияның жоқтығы екен.

Адвокат Гульжазира Нәліханқызы жаға ұстатар ақпараттарды айтуда тоқтаған жоқ. Тағы бір жағдай, істегі ақшалай қаражатты  қарау және тапсыру хаттама 28.02.2022 жылы ҚР ҚПК-нің 2019,220,224,199 баптарын басшылыққа ала отырып 500 000 теңгені қарап тексеріп тапсыру туралы тергеу әрекетін жүргіздім- деп толтырылғаны және ол ақша қайдан алынды, ол есеп бөлімінен алынса ол туралы мәлімет іске тіркелемегенін айтып берді.

Ол олма, Мынбаева,   Т. Абдуалиевке  2 рет техникалық құралы табысталып отыр, оның қайсысы заңды деп  таңдайсынды. Тергеу барысында жауап алуларда күәлардың  жауаптары бір- бірлеріне қарама қарсы, беттестіру хаттамаларындағы  жалған жәйттер туралы да бажайлап үлгерді.

Рауан Тиллахановты ұстаған полиция қызметкерлері, оны тергеп-тексерген ҰҚК қызметкерлері туралы айтылған көптеген жәйттермен олардың 1,5 млн ақша алып ол ақша кімге, неге, қайда екенін айқындалмағаны бойынша өз сөзінде  Гульжазира Мынбаева соттан, ҰҚК қызметкерлеріне және прокуратураға қатысты шара көруді сұрады. Бейнежазбадан толығырақ: https://www.youtube.com/watch?v=n9zToJLLsu0&t=7s

 

 

Түркістан облысы

 

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?