Алматы полициясы басы кесілген әйелді өлтірген күдіктіні іздестіруде.

12 сәуір сағат 08:40-та 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Ақпарат расталды.

Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді: әйелдің басы кесілген болып шықты. Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.

Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге ​​жатпайды.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?