Таразда 15 жастағы жасөспірім көлік жүргізіп жол апатын жасаған. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өткен демалыс күндері тараздық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің назарына автокөлік руліне отырған мектеп оқушылары ілікті.

Бірі жексенбі күні әкесінің «Audi» маркалы көлігін рұқсатсыз айдап әкетіп, рульге ие бола алмай көпірден құлап кеткен. 15 жастағы жасөспірімнің жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзып келе жатқанын Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасынан байқаған. Олар аталған аумаққа шұғыл түрде ППБ инспекторларын жіберген.

ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер болған жоқ.

10-сыныпта оқитын жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта істі сотқа жолдау үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?