Алматының 27 жастағы тұрғыны бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Оған ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі — алаяқтық бойынша айып тағылды.
«Алдын ала анықталғандай, А.есімді азамат бірнеше ай бойы көліктерді бөліп төлеу арқылы сатып алып, оларды тиімді бағаға қайта сатқан. Тергеу барысында күдіктінің қылмыстық әрекетінің қосымша эпизодтары анықталды. Екі автокөлік тәркіленіп, заттай айғақ ретінде қылмыстық іске тіркелді. Күдікті қаңтар айында 3 миллион 300 мың теңгеге «Мерседес» автокөлігін сатып алып, бір айдың ішінде төлеймін деп уәде бергендігі белгілі болды. 3 миллион 900 мың теңгеге сатылымға қойылған «БМВ» маркалы автокөлік үшін А.есімді азамат, бар болғаны 250 мың теңге төлеген, ал қалғанын бірнеше апта ішінде өтеуге уәде берген. Бірақ бұл шетелдік көлік кейін үшінші адамнан тәркіленді», — деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Тергеу барысында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері бұл азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-477-03-61 және 8-778-276-04-14.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?