Алматыда «қалта ұрылары» ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиия департаменті мәлімдеді.
Криминалдық полицияның хабарлауынша, олар қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда ұрлық жасап жүрген.
«Бұрын сотталған 38 жастағы Т.есімді азамат, 221 бағыттағы қоғамдық көліктің шыға берісінде ұсталды. Ер адам, алдын ала мәлімет бойынша, осыдан біраз уақыт бұрын жолаушының ұялы телефонын ұрлап кеткен. Оңай жолмен ақша табудың тағы бір әуесқойы – 49 жастағы А.есімді азаматты жедел уәкілдер 92-ші бағыттағы қоғамдық көлікте ұстады. Оның қылмыстық олжасы басқа біреудің «Самсунг» маркалы ұялы телефоны болып шықты. Екі дерек те ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Олар қамауға алынды», — деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Т.есімді азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың төрт дерегіне қатысы бар екендігі белгілі болды.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.
ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес қылмыстық істің басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?