24 жастағы ер адам есірткіге мас күйінде мотоцикл жүргізген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады.
Тимирязев пен Жароков көшелерінің қиылысында «Буран-126» патрульдік экипажы апаттық жағдай жасаған мотоциклшіні байқап қалған.
Тәртіп сақшыларының тоқта деген заңды талаптарына бағынбаған жас жігіт қашып кетпек болған.
Алайда, бекер.
Патрульдік қызметкерлер оны Левитан көшесінде тоқтатты.
«Мотоциклшінің мінез-құлқы жол қозғалысына қатысушылар үшін өте қауіпті болды. Медициналық сараптама оның есірткіге мас болғанын анықтады. Құқық бұзушы көлік құралын басқарудан айырылып, ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 6 бөлімі (КҚ басқаруға құқығы жоқ адамның есірткіге мас күйінде көлік құралын басқаруы), ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы 5 бөлігі (көлік құралының жолдың жүріс бөлігінде орналасуы, қарама-қарсы келе жатқан қозғалыс бөлігі немесе басып озу ережелерін бұзуы), ҚР ӘҚбК-нің 606 бабы 1 бөлігі (жол қозғалысына қатысушының апаттық жағдайдың туындауына әкеп соққан жол жүру ережесін бұзуы), ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі (ішкі істер органы қызметкерінің талаптарын орындамауы), ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 1 бөлігі (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.
Ол сондай-ақ, шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілетінін айтты.
Екі доңғалақты көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?