31 жастағы ер адам алматылықтарға АҚШ визасын алып беруге уәде еткен. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Күдікті өзін табысты өнер адамы, продюсер, сценарист ретінде көрсетеді, бір сөзбен айтқанда, киноиндустриядағы соңғы адам емес.
Ол өзін «Инстаграм» парақшасында 90 мың аудиторияға осылай таныстырды.
«1992 жылы туған К.есімді азамат көркемдік қызметімен қатар, АҚШ-қа виза «рәсімдеумен» айналысқандығы белгілі болды. Біздің алдын ала мәлімет бойынша, ол әлеуетті тұтынушылардан алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан. Полицияға арызбен 9 адам жүгінген. Олар ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, бір өндіріске біріктірілді», — деді, Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
Полиция қызметкерлері алданған адамдардың көбірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тергеушілер ықтимал басқа эпизодтарды анықтаумен айналысуда.
ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге ​​жатпайды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?