ІІМ Алматы академиясының бастығы Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков пен «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Шолпан Әнуарбекқызы Өтелбаева өзара ынтымақтастық туралы екі жақты Меморандумға қол қойды. Бұл туралы ІІМ Алматы академиясы мәлімдеді.
Академия мен «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасындағы екі тараптың арасындағы Меморандумның мақсаты жастар арасында кәсіби бағдарлау бойынша бірлескен ғылыми-білім беру жобалары мен іс-шараларды екі тарап жағынан жүзеге асыру болып табылады.
Алдағы ынтымақтастықтың құндылығын атап өтіп, ұйым басшылары бұл құжатқа қол қою жаһандану жағдайындағы еліміздің адами ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарында дарынды жастарды оқуға деген ынтасын тартуға және жаңа серпін беретініне сенім білдірді. «Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» ІІМ Алматы академиясының қызметкерлері әзірлеген авторлық кейс шеңберінде «Talap» нұсқаушыларын оқыту мәселелері талқыланды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?