Тараздық полицейлер автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тараз қаласы, полиция басқармасының жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде тұратын 34 жастағы азамат түнгі мезгілде аулада тұрған «Toyota Сamry» маркалы автокөлігінің ұрланғандығы туралы хабарлаған.
Ол өз көлігін сату үшін жарнама сайтына шығарғандығын және бірнеше ер азаматтың келіп көргендігін айтқан.
Келтірілген шығын көлемі 16 миллион теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны анықталды. Ол автокөлікті сатып алушы болып келіп, көлікті тексеру кезінде арнайы техниканың көмегімен өзімен бірге алып келген кілтті автокөлікке орнатып үлгерген. Түнде келіп сол кілтпен автокөлікті ашып, Түркістан облысына автокөлікті айдап кеткен.

Полиция қызметкерлерімен автокөлік Арыс қаласындағы жалға алынған үйлердің ауласынан табылды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Құрметті қала тұрғындары! Автокөліктерді ұрлау дерегінің алдын алу үшін арнайы тұраққа немесе бейнебақылау камерасы бар және жарық жерге қоюларыңызды сұраймыз.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?