Алматыда «пәтер ұрысы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оны «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінде жасалған ұрлықтан кейін полицияның арнайы жасақтары ұстады.
«Бұл — Ақмола облысының тұрғыны, 1990 жылы туған А.есімді азамат. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тек Алматы қаласы Алатау ауданындағы жеке секторда ұрлықпен айналысып жүрген. Сонымен қатар, оның қылмыстық іс-әрекетінің кеңейтілген географиясы да жоққа шығарылмайды. Ұсталған адамның жеке басы мәнді түрде тексерілетін болады. Қаскөйді бөтен адамдардың үйлеріндегі шағын цифрлық жабдықтар, мобильді құрылғылар мен гаджеттер қызықтырғаны белгілі болды. Тергеудің осы кезеңінде осындай алты эпизод анықталды. Аудандық полиция Басқармасында қылмыстық іс тіркелді», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Күдікті қамауға алынды.
Заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі анықталғанға дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?