Алматыда 17 жастағы бозбаланы тонап кетті. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері шабуыл жасаушыны «ізін суытпай» ұстады.
«Қылмыс түнгі сағат екіде Алматының Әуезов ауданындағы ТҮ бірінің аумағында орын алды. 2004 жылы туған Г.есімді азамат, өтіп бара жатқан жас жігітті байқап қалып, физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, «Айфон» маркалы ұялы телефонын тартып алған, сол арқылы жәбірленушіге 300 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Жас жігіт бейтаныс жігіттің талабын орындап, қылмыс туралы дереу полицияға хабарлады және дұрыс жасады. Осылайша, қарақшылық шабуылдың бетін ашып, күдіктіні ұстауға мүмкіндік туды», – дейді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Спикердің айтуынша, ұсталған азаматтың басқа да ықтимал заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі анықталғанға дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?