Кәсіпкерді аса қатыгездікпен пышақтап өлтірген екі жігітке сот үкімі шықты. Бұл туралы БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасын баспасөз қызметі мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен К. және А.-ны ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5,7-тармақтарымен (аса қатыгездiкпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып адам өлтiру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 06.08.2023 жылы сағат 19:55 шамасында К. өзінің танысы А.-мен бірге М.-ті өлтіру үшін «Р» караоке-ресторанына барып, М-тің үстеліне отырған.
Әнгімелесу барысында К. М.-ке өзін көтеріңкі жалақыда кәуап жасаушы ретінде жұмысқа қабылдауды талап етіп, жеке бас араздығынан туындаған келіспеушілікті сылтауратып, К. өзімен бірге әкелген жиналмалы пышағын қол сөмкесінен шығарып, М.-тің өміріне маңызды органдарына бірнеше қайтара соққылар жасаған.
М. өмірін сақтап қалу үшін мейрамхананың терезесін ашып, сыртқа қарай қашқан.
А. қылмыстық ниетті аяғына дейін жеткізу мақсатында көлік тұрағында М.-ны қуып жетіп, аса қатыгездікпен көшеде демалып жүрген адамдардың көзінше оның басынан бірнеше рет тепкілей бастаған.
К. олардың қастарына жүгіріп келіп А.-нің пышағын сұрап алып, М.-тың денесінен соққылар жасаған.
Алған ауыр дене жарақаттарынан М., есін жимастан сол жерде қайтыс болды, ал К. пен А. оқиға болған жерден бой тасалаған.
К. мен А.-ның кінәсі куәлардың айғақтарымен, сөйлесу хаттамалырымен, тінту, оқиға болған жерді қарау хаттамалырымен, сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен және т.б. дәлелденген.
Жаза бойынша тараптардың ұстанымдары:
Мемлекеттік айыптаушы К.- қа өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ал А.-ге 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші сотталушыларды қатаң жазалауды сұрады.
Қорғау тараптары сотталушы К.-тың әрекеттерін ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен, ал А.-нің әрекеттерін ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) қайта дәрежелеуді сұрады.
Сотталушы К. кінәсін ішінара мойындап, қылмысты тек өзі жасағанын айтты.
Сотталушы А. кінәсін мойындамай, жәбірленушінің өліміне қатысы жоқ екенін айтты.
К. және А.-нің кінәләрі куәлардың жауаптарымен, оқиға орнын қарау, сот сараптама қорытындыларымен, тергеу әрекеттері хаттамаларымен және т.б. дәлелденді.
Жаза тағындау.
Сотталушылардың жасаған қылмыстық әрекеті аса ауыр қылмыстар санатына жатады. ҚК-нің 99-бабының 2 бөлігінің 5,7-тармақтарының сакциясында мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, 15 жылдан 20 жылға дейнгі, мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
К. және А.-ның іс-әрекеттері ҚК-нің 11-бабының 5-бөлігіне сай, аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
2023 жылғы 13 сәуірдегі алқабилердің кесімімен, К. және А., өздеріне тағылып отырған айып бойынша кінәлі деп танылды.
Алқабилердің кесімінің негізінде, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 5,7-тармақтарымен сот К.-ге 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасын, ал А.-ға 15 (он бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасы белгіленді.
Азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылды.
Сотталғандардан кәмелет жасына толмаған балаларының мүдделері үшін жәбірленушінің пайдасына, әрқайсысынан 15 млн. теңге моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Батыс Қазақстан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?