2019 жылғы 6 наурызда жергілікті жердің тұрғыны Шымкент қаласы ПД Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы полиция лейтенанты Жанәбіл Амангелдіге өзінің өндірісіндегі билік өкілін қорлау бойынша істі қысқартуға ықпал ету үшін 50 мың теңге көлемінде пара бермек болған.

Пара беру жайты бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 367-бабы «Пара беру» бойынша қылмыстық іс қозғалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚК-нің 367-бабының 1 бөлігіне сәйкес, «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаның жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру жайтына қатысты – пара берушінің мүлкі тәркіленіп немесе бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген

«Астарлы ақиқақт» ақпарат агенттігі

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?