Сот ЖЭО жымқыру туралы іс бойынша 8 адамға үкімді жариялады. Бұл туралы

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
мәлімдеді.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыстық топқа қатысу, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу; сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу; қылмыстық жолмен алынған ақшаны, өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚК 262-б. 3-б., 216-б. 3-б., 189-б. 4-б. 1,2 –т., 218-б. 3-б. 2,3-т., 218-б. 3-б. 2-т.) бойынша 8 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен не анықталды:
Сотталушы М. «Таразэнергоорталық» АҚ (бұдан әрі-ЖЭО) басқарма төрағасы бола отырып және қылмыстық топтың басқа да қатысушылары — сотталушылар Б., К., Д., С., К., Д., Д., Б. ЖЭО активтерін сенімгерлік басқаруға алу және жылу, электр энергиясын тұтынушылардан түсетін ақшалай қаражатты жүйелі түрде ұрлау мақсатында ресми түрде «В.» ЖШС құрған.
ЖЭО акциясын сенімгерлік басқаруға алғаннан кейін «В.» ЖШС президенті болып табылатын М. және сотталушылар Б., К., Д., С., К., Д., Д., Б. қылмыстық топқа қатысып, адамдар тобымен қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сеніп тапсырылған мүліктің ақшалай қаражатын ЖЭО-дан бақыланатын Серіктестіктер шоттарына аудару арқылы аса ірі мөлшерде жымқырған, нәтижесінде жалпы сомасы 2 837 710 077 теңгеге залал келтірілген.
Соттың 28.03.2023 жылғы қаулысымен сотталушы М.-ға іздеу жарияланып, қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлген.
Тараптардың позициясы:
Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті Б., К., Д., С., К., Д.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды
Д.-ға 3 жыл 2 ай 4 күн, Б.-ға 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі «Таразэнергоорталық» АҚ прокурорды қолдады, алайда келтірілген залалдың толық өтелуіне байланысты Б.-ға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушылар Д. және Б. кінәлерін толық мойындады, К. және К. кінәлерін ішінара мойындайды, ал Б., С., Д., Д. өздерін ақтауды сұрады.
Дәлелдемелер бойынша:
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: жәбірленушінің, куәгерлер мен мамандардың айғақтарымен, мамандар мен сарапшылардың қорытындыларымен, екінші деңгейдегі банктерден алынған бейнебақылау камераларынан жазбаларын алу хаттамаларымен, заттар мен құжаттарды тексеру хаттамаларымен, криминалистикалық зерттеу қорытындыларымен және басқа да заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот шешімі:
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға соттылықтарының болмауын, жас балаларының болуын, оң мінездемелері мен сотталушы Б.-мен келтірілген залалдың ішінара өтеуін жатқызған. Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.
Сот үкімімен қылмыстардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 262-б. 2-б., 189-б 4-б., 216-б. 3-б. бойынша әрқайсысына түпкілікті: Б.Р.-ға 9 жылға, К.А.-ға 8 жылға, К.А.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, коммерциялық ұйымдарда 10 жылға басшы лауазымдарын атқару құқығынан айырыла отырып тағайындалды.
Д.А. және Д.С.-қа ҚК-нің189-б. 4-б., 216-б. 3-б. бойынша түпкілікті әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, коммерциялық ұйымдарда 5 жылға басшы лауазымдарын атқару құқығынан айырыла отырып тағайындалды.
С.Г.-ға ҚК-нің 434-б. бойынша пробациялық бақылау белгілене отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Д.Е.-ге ҚК-нің 216-б. 3-б. бойынша 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР «Рақымшылық туралы» Заңы негізінде жазаның 1/5 бөлігі қысқартылып, түпкілікті 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарын атқару құқығынан 5 жылға айыра отырып тағайындалды.
Б.Т. –ға ҚК-нің 216-б. 2-б. 2-тарм. бойынша 2 жылға бас бостандығын айыру жазасы, коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарын атқару құқығынан 5 жылға айыра отырып тағайындалды. ҚР «Рақымшылық туралы» Заңы негізінде жазаның 1/2 бөлігі қысқартылып, түпкілікті 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
К. А., Д. А. және Д.С. қылмыс жасаудың бөлігі бойынша ҚК-нің 262-б. 2-б. және С. Ж. ҚК-нің 262-б. 2-б., 216-б. 3-б.,189-б. 4-б. 1,2-т. бойынша кінәсіз деп танылып, олардың аталған қылмыстарға қатысулары дәлелденбеуіне байланысты ақталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?