EXEED компаниясы Шанхайдағы автосалонда премиум санаттағы EXLANTIX электромобильдер топтамасын таныстырды.

EXEED компаниясы, тек қана премиум санаттағы машиналар шығаратын алдыңғы қатарлы Қытайлық көлік шығарушылардың бірі, Шанхайдағы беделді көлік салонында EXLANTIX электромобильдер топтамасын таныстырды. EXEED брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Orbis Auto автомобиль тобы болып табылады.

Шанхайда инновациялық платформада жасалған Е0Х атауымен екі автокөлік — Е03 ішкі коды бар ES седан және E0Y ішкі коды бар ET кроссовері көрсетілді. Аталмыш платформа қазіргі таңдағы қолданылатын кәдімгі аккумуляторлармен салыстырғанда автокөліктің жүретін жолын айтарлықтай мол ұзартуға мүмкіндік беретін  CATL инновациялық аккумуляторлық жүйесін пайдалануды қарастырады.

Толық қуатталған батареямен E03 (ES) және E0Y (ET) 700 км-ден астам жол жүре алады, ал тек 5 минуттық қуаттаудан кейін ғана тағы да 150 км жол жүреді. Күш қондырғысының ПӘК-і теңдессіз жоғары: бұл көліктердің электр энергиясын шығындауы 100 км жолға 12 киловатты құрайды, ол өз кезегінде бұл көліктерді өз санатындағы энергияны ең аз тұтынатын электромобиль деп атауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар седан E03 (ES) көлігінде таңдаулы спорткардың қарқыны бар – үлкен бес метрлік көліктің 0-ден 100 км/сағ. дейінгі жол жүрісінің үдеуі небәрі 3 секундты құрайды.

Екі модель де — седан ES және кроссовер ET де – көлік жүргізуден алатын ләззатты жаңа деңгейге шығаруға, сонымен қатар жүргізуші мен жолаушыға жолдың кез-келген жағдайында және өте ұзақ жол жүргенде тамаша жайлылық сыйлауға арналған. Екі модель де CATL инновациялық батареясымен, екі электр мотормен және пневматикалық аспамен жабдықталған. Интеллектуалдық басқару технологиялары, жайлы орындықтар мен сапасы жоғары материалдар көлік өнеркәсібіндегі жаңа дәуір әсерін толықтыра түседі. Барлық аталған шешімдер жиынтықта қазіргі заман адамына күнделікті жүруге де, алыс жол жүргенде де қажетті тамаша және жеңіл қозғалыс мәнерін қалыптастыратынын брендтің баспасөз қызметінде атап өтті.

Жасаушылардың айтуынша, E03 электр седаны (ES) және E0Y кроссоверлерінің (ET) нарыққа шығуы осы жылға жоспарланды. Екі көлік Қазақстан нарығына да көп ұзамай жетуі керек.

Құрастырушылардың айтуынша, E03 (ES) электр седаны нарыққа шығуға жақын, ал E0Y (ET) кроссовері ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында пайда болады. Екі көлік те Қазақстанның нарығына өте жылдам жетуге тиіс.

Келешекте EXEED әлемнің түкпір-түкпірінде мейлінше көп адамға электромобильді пайдалануға нақты мүмкіндік беруді қамтамасыз ету үшін барын салуға ұмтыла отырып, бұрынғыдай ең үздік және заманауи өнімдер ұсынатыны хабарланып отыр. Аталған міндеттерді компания EXLANTIX жаңа электромобильдер топтамасын шығаруда алғаш рет жүзеге асырылған жаңа энергетикалық өнімдер технологиясы арқылы шешетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласындағы Ұлттық көрме орталығында ХХ мерейтойлық Шанхай халықаралық автокөлік және өндірістік технологиялар көрмесі (Automobile Shanghai) ашылды. Іс-шараның «Жаңа автокөлік өнеркәсібі дәуіріне өту» атты  негізгі ұраны көлік өнеркәсібінде энергияның жаңа түрлерін пайдалануды одан әрі кеңейтуді меңзейді. Көрме павильондарында 1,5 мыңнан астам электр және гибридті автокөлік ұсынылған.

Бүгіннің өзінде Қытайда жаңа қуат көзімен жүретін автокөліктер (электр және қуатталатын гибрид қондырғылары бар) саны шамамен 25%-ды құрайды, ал әлем бойынша олардың саны тек 11 %-ды ғана құрап отыр. Сарапшылар атап өткендей, бүгінгі таңда Қытай көлік өндірушілері дүние жүзі бойынша электромобиль саласына маңызды технологиялар салу арқылы, сонымен қатар электр автокөліктерді сатуды ынталандыруға мемлекеттік қолдау көрсетудің арқасында электр көліктер жасаудан және шығарудан көшбасшылыққа ие болып жатыр.

Шанхай – 2023 ашылуы  шынымен де өз тегінде заманауи әлемдік көлік өнеркәсібіндегі, бірінші кезекте электромобильдер жасау саласындағы технологиялар мен шешімдердің негізінде жаңа деңгейдің межесі, белгісі болуы мүмкін.

 

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?