2020 жылдың қазан айынан бастап Шымкент қаласы, қалалық перинаталдық орталығында бас дәрігер қызметін атқару барысында Варзилов Тимирхан Исабалыұлы және оның орынбасары Новик Сергей Вячеславовичтерге ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен түскен, яғни сотталушылар мемлекеттiк функцияларды орындауға теңестірілген тұлғалар бола тұра, қызметтiк өкiлеттiктерiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып, Шымкент қаласындағы «Мемлекеттік қалалық перзентхана» ұйымы қызметкерлеріне берілген сыйақы төлемдерін заңсыз өзі және орынбасары Сергей Новикпен бірге алып, перзентханаға 2 880 000 теңге көлемінде елеулі зиян келтірген деген айыппен қылмыстық іс, Еңбекші аудандық сотқа жолданған.

Мемлекеттік айыптаушы прокурор сотталушыларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Варзилов Тимирхан және Новик Сергей қылмыстық құқықбұзушылық жасағандары үшін, Еңбекші ауданының судьясы Айнель Орақбаева оларға, ҚР ҚК-нің 361-бабының 1- бөлігі мен айыпты деп танып, Тимирхан Варзиловқа 3 197 772 теңге, Сергей Новикке 3 087 504 теңге айыппұл түріндегі жазаларын тағайындады.

Шымкент қаласы
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

сурет ашық дереккөзі болған мемлекеттік ресми сайтынан алынды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?