Талдықорған қалалық сотында ауыр зардаптарға әкеп соққан, лауазымды адамның өз өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі (ҚК 362 — бабының 4-бөлігі), сондай-ақ азаптау- яғни лауазымды адамның үнсіз келісімімен адамдар тобы жасаған қасақана тән зардабын келтіру фактісі бойынша (ҚК 146-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы) К.-ге қатысты іс қаралды. Бұл туралы Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сот К.-нің полиция департаментінің бастығы және сол кезде облыс коменданты ретінде, жедел жағдайдың күрделілігін ескере отырып 2022 жылғы 5 қаңтарда сағат 17.00-де, қажет болған жағдайда атыс қаруын қолдана отырып, мүлікті қорғауды, ғимаратқа төнген шабуылға сөзсіз тойтарыс беруді көздейтін Департамент ғимаратын қорғау жөніндегі «КАМАЛ» арнайы жедел жоспарын енгізгенін анықтады.
Алайда, сағат 18.20-да К. жеке құрамға қорғаныс шараларын қолданбауға, Департамент ғимаратынан кетуге және тұрғылықты жерлеріне тарауға бұйрық берді (яғни беруге құқығы жоқ бұйрық берді), ал өзі қызметтік көлікпен өзіне сеніп тапсырылған учаскені тастап кеткен. Нәтижесінде шабуылшылар ғимаратқа еркін кіріп, сол жерде орналасқан әскери қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденген.
2022 жылдың 7 қаңтарында полиция департаментінің қызметкерлері жауынгерлік қарумен қаруланып, К.- нің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуы мүмкін бейбіт тұрғындарды ұстап алып, оларды полиция департаментінің ғимаратына жеткізе бастаған, сағат 13.33-те қала тұрғындарын заңсыз ұстаған.
Осы уақытта К. аулада полиция қызметкерінің жерде жатқан ұсталған азаматтың іш аймағынан қалай тепкенін көрген. Тергеумен анықталмаған полиция қызметкерлерімен адамдар тобында әрекет ете отырып, жәбірленушіге физикалық ауырсыну тудыруға үнсіз жол берген.
Бұдан әрі жәбірленушілер Департамент ғимаратына жеткізіліп, ол жерде оларға қатысты азаптау жалғасқан.
Сот жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, К.-ні ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі, 146-бөлігі 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 10 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Сот К.-ні «генерал-майор» арнайы атағынан айыра отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне оған қатысты «Данқ» және 2-дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?