Алматыда құқық бұзушы полиция қызметкеріне пара бермек болды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
М.есімді азамат, мамандандырылған патрульдік полиция батальонының инспекторына 30 мың теңге көлемінде пара бермек болған.

Оның «БМВ» маркалы көлігін Алматы қаласының Түрксіб ауданында полиция қызметкерлері тоқтатқан.
«М.есімді азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ және оны ешқашан алмағандығы белгілі болды. Ол бірден көлік жүргізуден шеттетілді. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Әкімшілік хаттаманы толтыру кезінде жүргізуші инспекторлардың қызметтік көлігіне жақындап, артқы сол жақ есікті ашып, салонға ақшаны лақтырып жіберген. Бұл жайтты бірден байқаған инспектор кезекшіге хабарлаған. Тергеу-жедел тобы банкноттарды тәркіледі. Пара беру дерегі ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деді, Алматы қалалық ПД өзіндік қауіпсіздік Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерік Жұмабай.
Сондай-ақ бөлімшеде, жыл басынан бері «Интегрити чек» жобасы аясында алматылық полицейлер пара берудің 16 дерегін хабарлағанын атап өтті.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?