Жаппай тәртіпсіздік қатысушылары мен ұйымдастырушыларына үкім шығарылды- деп мәлімдеді, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан Қайнар.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, қатысу және жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру; адамдар тобымен атыс қаруын ұрлауды ұйымдастыру, атыс қаруын және оқ-дәрілерді ұрлау, атыс қаруын және оқ-дәрілерді ұрлауға оқталу; өмірге қол сұғушылық, өмірге қол сұғушылыққа оқталу; қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тасымалдау, алып жүру (ҚК-нің 272-б. 1,2,3 б.; 28 б. 5б. – 272 б. 1б.; 28 б. 3б. – 291 б. 3б. 4т.; 291б. 3б. 4т.; 24 б. 3б. – 291 б. 3б. 4т.; 380-1б. 2б. 10т.; 24б. 3б. — 380-1 б. 2б. 10 т.; 287б. 4б.) бойынша 9 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен не анықталды:
Сотталушылар С., Н., С., К., А., М., Н., С., Д. Республика аумағында сұйытылған табиғи газ құнының негізсіз өсуіне байланысты заңсыз митингілер өтіп жатқанын біле тұра, Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, мүлікті қиратумен, бұзумен, жоюмен ұласқан атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдана отырып, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсете отырып, жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан елеулі залал келтірілген.
Тараптардың позициялары:
Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті Д.-ға — 20 жылға бас бостандығын айыру жазасын;
С., А., М., Н.-ға — 7 жылға бас бостандығын айыру;
Н.,С.-қа — 6 жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды;
С. и К.-ға — 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, рақымшылық заңын қолдана отырып, сот отырысы залынан босатуды сұрады.
Жәбірленуші өкілдері прокурорды қолдап, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды.
Жәбірленуші өкілі Ш. сотталушыға кешірім бермей, қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушылар М., Н., Д. — кінәлерін мойындамады, С., Н., А. А. кінәлерін ішінара мойындады, С., К., С. кінәлерін мойындады.
Дәлелдемелер бойынша:
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, сот-баллистикалық, сот-медициналық, өрт-техникалық, құрылыс-экономикалық, Авто-тауарлық және сот-тауарлық сараптамалардың қорытындылары мен заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сот шешімі:
Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде — сотталушылар С., К., С.-ның шын жүректен өкінулерін, оң мінездемелерінің болуын, А.-да жас балаларының және Н.-да мүгедектігінің болуын таныды.
Ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстың төтенше жағдайда жасалуы танылды.
Сот үкімімен қылмыстардың жиынтығы бойынша (ҚК-нің 291б. 3б. 4т., 24б. 3б. – 291б. 3б. 4т.; 380-1б. 2б. 10т., 287б. 4б.) түпкілікті Д.-ға 16 жылға бас бостандығын айыру жазасы;
C. и А.-ға (ҚК-нің 272 б. 1,2 б.) – 5 жылға, М.-ға (ҚК-нің 272 б. 1,2 б.) – 6 жылға бас бостандығын айыру жазалары тағайындалды.
Сотталушылар С., К. ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша, сотталушы С. ҚК-нің 291-б. 3-б. 4-т., 24-б. 3-б. – 291-б. 3-б. 4-т.; 287-б. 4-б. бойынша кінәлі деп танылып, Рақымшылық туралы заңы қолданылып, сот залынан босатылды.
Н.-ның кінәсі дәлелденбеуіне байланысты ҚК-нің 272-б. 1-б. бойынша ақталды, ҚК-нің 272-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, Рақымшылық туралы Заңы қолданыла отырып, сот залынан босатылды.
Н. –ның кінәсі дәлелденбеуіне байланысты ҚК-нің 28-б. 5-б. — 272-б. 1-б. бойынша ақталды, ҚК-нің 272-б. 2-б., 28-б. 5б. – 291 б. 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, Рақымшылық туралы Заңы қолданыла отырып, сот залынан босатылды.
Сотталушылар С., Н. және М. полиция, мемлекеттік кірістер департаменттерінің және полиция басқармасының ғимараттарын қирату, бұзу, мүлiктi жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру эпизод бойынша ақталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?