Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының басшылығы жемқорлық фактісі бойынша күдікті. Бұл туралы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Шымкент қаласы департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеуде.
Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.
Оның орынбасары мен бөлім бастығы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатымен кедергісіз ақы төлегені үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Сот күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлілігі заңды күшіне енген сот үкімімен анықталмайынша, әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?