Алматы облысында ер адам темір жолдарды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, жүк пойызына тас лақтырды

13 мамыр күні Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Пойыздың тұрағы 7 минутты құрады.

Сонымен қатар құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.

Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.

Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?