Әлеуметтік желілерде ағымдағы жылдың 24- мамыр күні тараған, Арыс қаласындағы  5 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасады деген ақпаратқа, Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Кабденов, ол азаматтың сол күні, сол сағаттың ішінде қамауға алынғанын мәлімдеді.
«Түркістан облысы Арыс қаласында 5 жасар қызды үй артына апарып зорлаған. қыздың кеңірдегі жыртылып жан сақтау бөлімінде жатыр екен»- деп, әлеуметтік желілерде ақпараттар тараған болатын.
Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 21-мамырында Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғынның арызы негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні «ізін суытпай» сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталмады.
Басқа ақпараттар
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Сонымен қатар жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз- делінген ресми мәлімдемеде.
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?