Алматыда курьерден тапаншамен оқ тәркіленді- деп мәлімдеді «астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаровқа сілтеме жасап.
44-жастағы ер адамнан тапанша мен 17 оқ анықталды. Мопедтке мінгескен екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы полиция экологиялық бекетінде тәртіп сақшылары тоқтатқан.
«1979 және 1982 жылы туған азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру барысында «Grand Power» тапаншасымен 17 әртүрлі оқ әшкереленіп, тәркіленді. Алдын ала тексеру барысында аталған қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек қарудың ұрланғандығы да белгілі болды. Аталған дерек сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287 бабы 2 тармағы бойынша тіркелді. Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық іс барысында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», — деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы полиция полковнигі Ільяс Өмірсеріков.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3 тармағы 1 бөлігіне және ҚР ҚК-нің 19 бабына сәйкес сот шешімі шыққанға дейін кез келген азамат кінәсіз деп танылады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?