Астана мен Шымкентте соттар біріктірілді. Бұл туралы Қазақстан Ресбуликасының Жоғарғы соты мәлімдеді. Мемлекет басшысының 2023 жылғы 15 мамырдағы №216 Жарлығымен Астана мен Шымкент қалаларындағы азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын аудандық соттар біріктірілді.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Астана және Шымкент қаласы соттарының басшылығымен өткізген кеңесте осы Жарлықты іске асыру мәселелері қаралды.

 

 

Талқылауға Астана және Шымкент қаласы соттарының төрағалары Ақан Жұмағұлов пен Ербол Рахымбеков, біріктірілген соттардың судьялары мен Сот әкімшілігінің Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттерінің басшылары Елдос Жұмақсанов пен Берік Мейрханов қатысты.

Бірінші сатыдағы соттар (8-і Астанада және 4-еуі Шымкентте) азаматтық және қылмыстық юрисдикциялы ауданаралық соттар болып қайта құрылды. Тиісінше қайта ұйымдастырылған соттар төрағаларының лауазымдары судья лауазымдары болып өзгертілді.

Астана бойынша: Алматы, Есіл, Сарыарқа және «Байқоңыр» аудандық соттары азаматтық істер бойынша ауданаралық сот болып (Г. Әлиев көшесі, 6-үй), ал Алматы, Сарыарқа, Есіл және «Байқоңыр» аудандары бойынша №2 соттар қылмыстық істер бойынша ауданаралық сот болып біріктірілді (Кенесары көшесі, 3-үй).

Шымкент бойынша: Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Қаратау аудандық соттары тиісінше азаматтық істер бойынша ауданаралық сот болып (бұрынғы Еңбекші және Абай соттарының ғимараттарында) және ауданаралық қылмыстық сот болып біріктірілді (Тыныбаев көшесі, 42-үй).

Н. Ахметзакиров атап өткендей, реформа соттылық мәселелері бойынша әуре-сарсаңды жоюға, жүктемені біркелкі бөлуге және бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Астана және Шымкент қаласы соттарының төрағалар А.Жұмағұлов пен Е.Рахымбеков судьялар корпусының жаңа жағдайларда жұмыс істеуге дайын екені туралы айта келіп, қайта ұйымдастыру азаматтардың өз құқықтарын қорғау және сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту үшін соттарға жүгінуін жеңілдетуге ықпал ететінін атап өтті.

Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?