ІІМ-де қалалық полиция басқармаларының бастықтары лауазымына үміткерлер қаралды.

Министрдің бұйрығымен Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымына Сматов Қанат Ералыұлы тағайындалды.

Жамбыл облысы ПД Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына Мадимаров Ардақ Тілегенұлы тағайындалды. Бұрын ол аймақтық департаменттің криминалдық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

Орал қаласы полиция басқармасының бастығы болып Абдрахманов Асқар Қоңырұлы бекітілді. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Иманов Болат Сапарғалиұлы Қостанай қаласы полиция басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды. Ол бұрын Рудный қаласының полициясын басқарған.

Ал Рудный қаласы ПБ бастығы болып Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген Байзақов Аманжол Мәмбетұлы тағайындалды.

Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы болып Баймурзин Орал Тумурзаұлы бекітілді. Ол бұған дейін Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?