Адам өліміне әкелген ЖҚЕ-ні бұзғаны үшін сотталды. Бұл туралы Алматы қаласының  соты мәлімдеді.
 Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 345 б., 3 б. бойынша (жәбірленушінің өліміне әкелген ЖҚЕ-ні бұзу) А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
 Сот 08.11.2022 ж. сағат 14:00 шамасында айыпкер А. №98 автобусты басқара отырып, Абылай хан және Төле би көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережелерін елемей, бағдаршамның тыйым салушы қызыл белгісіне қарамай өтіп, Төле би көшесімен келе жатқан № 201 автобуспен соқтығысуға жол бергенін анықтады.????Жол көлік оқиғасының нәтижесінде № 98 автобустың жолаушылары сыртқа құлап, жәбірленуші И. автобустың астында қалып, алынған дене жарақаттарының салдарынан көз жұмды, жәбірленуші К.-нің денсаулығына ауыр залал келтірілді, жәбірленуші Ш.-ның денсаулығына ауырлығы орташа зиян тигізілді.
 ҚК-нің 345 б., 3 б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
ҚР ҚК-нің 55 б., 2 б. сәйкес айыпты жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда жазаның негізгі түрінің мерзімі немесе мөлшері жазаның максималды мерзімінің 1⁄2-нен аспауы тиіс, яғни ҚР ҚК-нің 345 б., 3 б. бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі 2 жыл 6 айдан аспауы қажет.
 Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпкер А.-ға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
 Айыпкер А. сотта өз кінәсін мойындамады және соттан өзін ақтауын сұрады.
 Сот ҚК-нің 345 б., 3 б. бойынша айыпкер А.-ны кінәлі деп таныды және 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі максималды жазаны және 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны тағайындады.
 А.-ның жазасын жеңілдететін мән-жайлар – оның 3 жас балаларының болуы, айыпты ауырлататын мән-жайлар жоқ.
 Сонымен қатар, моральдық залал ретінде Ш. және К.-нің пайдасына жәбірленушілердің әрбіріне 2 млн. теңгеден, материалдық зиян ретінде Ш.-ның пайдасына 323 885 теңге өндірілді.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?