2023 жылғы 6 қазанда Астанада қазақстандық адвокаттар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Мықты адвокатура – құқықтық мемлекеттің тірегі» тақырыбында VII Халықаралық адвокаттар форумы өтті.Оған 300 ден аса қазақстандық адвокаттармен  мемлекеттік билік органдарының өкілдері де қатысты. Халықаралық спикерлер ретінде аймақтық адвокаттар қауымдастығының өкілдері — халықаралық адвокаттар қауымдастығы/IBA, американдық адвокаттар қауымдастығы/ABA, Азия-Тынық мұхиты аймағының заң қауымдастығы, сондай-ақ Әзірбайжан, Германия, Грузия, Түркия, Қырғызстан, Сингапур, Өзбекстан адвокаттар қауымдастығының өкілдері сөз сөйледі.Форумда ҚР Конституциялық Соттың Төрағасы ЭльвираАзимова форумға қатысушыларды құттықтау сөзінде өз клиенттерінің құқықтарын қорғау мен сот төрелігінің мүдделерін қорғау арқылы адвокаттар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесетінін атап өтті. Осыған байланысты, Азимова атап өткендей, заң мен қорғаушы алдында адалдықты, кәсіби этикаға адалдықты, кәсіби ар-намыс пен қадір-қасиетті сақтауды қамтитын мамандықтың тәуелсіздігін сақтау маңызды болып табылады дедіХалықаралық форумға қатысушылар өз сөздерінде қорғаудың кәсіби деңгейін қамтамасыз етудің және адвокатураның тәуелсіздік қағидатын нығайту жөніндегі адвокаттардың күш-жігерін шоғырландырудың оң тәжірибесімен бөлісті.

2023 жылдың басынан бастап адвокаттар мен заң кеңесшілері Конституциялық Сотқа жүгінетін азаматтардың мүдделерін белсенді түрде білдіріп келе жатқанын атап өтеміз. Конституциялық Соттың заң нормалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексерген 32 іс жүргізудің 11-інде азаматтардың мүдделерін адвокаттар білдірген- деді Эльвира Азимова

 

-«Судьялар корпусы адвокатураны одан әрі институционалды нығайтуға тікелей мүдделі. Мұндағы мақсат қарапайым. Соттар мен құқық қорғау органдарын ұдайы күшейтуге, нығайтуға және реформалауға болады, бірақ, мұның барлығының адвокаттық саладағы реформасыз және адвокаттардың кәсіби рөлін арттырусыз тиімділігі аз болар еді” деді Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев VII Қазақстанның халықаралық адвокаттар форумының ашылуында

Ол қылмыстық процестегі адвокаттардың ұстанымдарын арттырудың аса маңызды екенін және Жоғарғы Сот адвокаттар қауымдастығына қолдау көрсететін атап өткен Жоғарғы Сот төрағасының пікірінше, адвокаттардың өздеріне сенім артқандарды қорғау үшін оларды құқықтық жағынан қорғау тетіктерін айрықша кеңейту уақыт талабы болып отырғаны тілге тийек етті.

Адвокатқа өзінің қосымша сұрақтарын сарапшының алдына қою құқығын беру, сондай-ақ тәуелсіз адвокаттық тергеу жүргізу үшін құқықтық мүмкіндіктер беру қажеттілігі атап өтілді.
Мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмектің шеңберінде адвокаттардың еңбегіне ақы төлеуді арттыру мәселесі өзекті болып табылатынын, сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазіргі уақытта Жоғарғы Сот дербес кассациялық сатыдағы сотты құру мәселесі бойынша заңгерлік және кәсіпкерлік қоғамдастықпен бірлесіп талқылауды қолға алғанын мәлімдеді.
Жоғарғы Сотта басты сот талқылауында жарыспалылықты арттыру жөнінде заңнамалық ұсыныстар топтамасы бар. Оларды жүзеге асыру сотта айыптау мен қорғау күштерін теңестіруге мүмкіндік беретінін айта отырып А. Мерғалиев, адвокаттардың кассацияға жүгіну үшін тең жағдай жасау туралы ұсыныстары назар аударуға лайық екенін айтып өтті.
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша адвокат берген өтінішхаттардан айырмашылығы, Бас Прокурордың наразылығы алдын-ала қараусыз дереу кассацияға жіберілетінін атап өтті.
«Бүгінгі форум – білім, тәжірибе алмасу және сындарлы шешімдер әзірлеу үшін тамаша мүмкіндік» деп түйіндеді өз сөзін Жоғарғы Сот органының төрағасы Асламбек Мерғалиев.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ФОРУМ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА  ӨЗ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖОЛДАДЫ

Кұрметті форумға қатысушылар!

Қазақстан халықаралық озық тәжірибеге суйеніп, озық құқықтық жуйесін біртіндеп жетілдіріп келеді. Бұл ретте адвокатура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға арналған негізгі институттың бірі саналады.

Елімізде осы саланы дамыту үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, адвокаттар алқасына кіру жарнасы алынып тасталды, қылмыстықпроцестегі қорғаушының өкілеттігі айтарлықтай кеңейді, олардың дербестігі арта түсті.

Құқық қорғау тәсілдерін нығайту жолында Республикалық адвокаттар алқасы маңызды рөл атқарады.

Мемлекеттік органдар осы ұйыммен біресе жұмыс жүргізіп, сот барысындағы тараптардың бәсекелестігі мен теңдігін қамтамасыз етеді.

Мемлекет заңгерлер қауымдастығымен, халықаралық сарапшыларымен үнемі диалог орнатып, бұл бағыттағы жүйелі өзгерістерді жалғастыра береді.

Осы орайда келесі кеңес өткізудің маңызы зор. Жиында мамандар қордаланған мәселелерді ашық талқылап, оны шешудің нақты тәсілдерін ойластыра алады. Сондай-ақ пікір алмасып, әлемдегі озық тәжірибені зерделеуге мүмкіндік туады.

Бүгінгі басқосуда Қазақстандағы адвокатура саласын дамытуға септігін тигізетін салмақты ой, салиқалы пікірлер айтылады деп сенемін.

Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс тілеймін!- делінген мемлекет басшысының өз құттықтауында

Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?