Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өзекті мәселелертуралы, Атырау облыстық сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар және көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі жариялады.
Іс-шараға Атырау облыстық сотының судьясы Дина Тухфатова, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы мен судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Атырау облысы прокурорының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім прокуроры, Атырау облысының Полиция Департаменті басшысының орынбасары, Атырау қаласының прокуроры, ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы РМҚК филиалы Атырау облысы бойынша сот сараптамалары институтының өкілдері, Атырау қаласының ПД-ның инспекторлары қатысты.
Семинарды аша отырып, судья Д.Тухфатова әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерге назар аударды.
Өз баяндамасында судья сот тәжірибесінен нақты мысалдар келтіре отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасақтау және істерді сотқа жолдау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан орын алған әкімшілік заңнама нормаларының бұзылуына тоқталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді дұрыс рәсімдеуді түсіндіріп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қолдану кезінде туындайтын сұрақтарға жауап берді.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Самал Абугалиева өз баяндамасында статистикалық деректерді келтіре отырып, аталған санаттағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер санының күрт өскенін, сондай-ақ дәлелдемелер базасының кемшіліктерін көрсетті.
Семинар қорытындысы бойынша судьялар мен қатысушылар туындаған мәселелерді бойынша сұрақтарды және оларды шешу шаралары жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын сақтау барысында, міндеттерін орындауда ерекшеленген полиция қызметкерлері Атырау облыстық сотының төрағасы М.Парменов атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?