Елорда прокуратурасымен Республикалық Палатадан шығарылған жеке сот орындаушыларымен алимент төлеуге арналған ақшалай қаражаттарды жымқыру фактісі анықталды. Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады

Сот орындаушылардың заңсыз әрекеттерінен 5 млн. теңгеге 87 балаға шығын келтірілген.

Өз қызметтері тоқтағандарына қарамастан, 2 сот орындаушы ЖСО Палатасынан шығарылғандығы және екінші деңгейлі банктердегі шығыс операцияларының тоқтатылғандығы туралы мәліметтерді әділет органына табыс етпеген.

Жоғарыдағы заңнама талаптарын сақтамағанның нәтижесінде сот орындаушылар жарты жылға жуық алимент төлеуге арналған ақшалай қаражаттарды борышкерлерден заңсыз алып, өздерінің қажеттіліктеріне жаратып отырған.

Мысалы, мүгедектігі бойынша берілетін ақшалай қаражаттарынан 2 топтағы мүгедек-борышкермен балалар үйінде орналасқан 2 баласына алимент төлемдерін адал ниетпен жолданып отырған факті анықталды (ай сайынғы 71 мың теңге жәрдемақысынан алимент үшін 32 мың теңге төленіп отырған). Алайда сот орындаушы аталған ақшалай қаражаттарды балалар үйіне аудармай, өзіне иемденген.

Басқа жағдайда, сот орындаушы  инкассалық өкімімен қайтыс болған алимент төлеушіден ақшалай қаражаттарды заңсыз шешіп алып, өндіріп алушыға жолдамаған.

Кінәлі тұлғаларға қатысты ҚК-тің 190, 251 баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органға қадағалау актісі енгізіліп, нәтижелері бойынша сот орындаушылар 34 балалардың берешегін өтеді, қалғандары өтелу сатысында.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?