Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №54 мекемесінде, ағымдағы жылдың 11 қазан күні    сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыс бөлімі,  сотталған азаматтарға тәрбиелік іс-шараларды жүргізу мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Мекеменің ішіне кірер алдында №54 мекемесі тарапынан ҚР заңдары қатаң сақталып, алдын ала  тіркеуден, тексеруден өткізіліп,  сырттан келгендер  бетперделермен қамтамасыз етіліп, мекеменің ішкі тәртібі түсіндіріліп ішке кіргізілді. Әрине барлық сотталушылардың жақындары емес, тек мекемеде тәртібі мен жоғары деңгейде бағаланған азаматтардың ғана туыстары  ғана шақыртылған.

Түзеу мекеменің басты мақсаты, Мекеме басшысы С. Дүйсенов  және мекеме бастығы  мекеменің тәртібі бойынша орынбасары Жәнібек Талғатұлы тарапынан қолдау көрсетіліп,  сотталғандардың туған-туысқандарына сотталған азаматтардың  тәртібіне және жаза мерзімінен бұрын босап шығуға, үміт сыйлау, олардың өмірге деген қызығушылығын сөндірмеу, қайтадан қылмыстық құқық бұзушылық жасамай, қайта еркіндікке шығып қоғамда дұрыс өмір сүруге мүмкіндік беретін ішкі  шара еді.

Мекемеде баласын, біреуі  ағасын, біреуі күйеуін көріп көздерінен жас төгіліп, эмоцияларына ерік берді. Әрине ана баласын жамандыққа қимайды ғой…

 Мекемеде жатқандардың барлығын бірдей жаман деуге болмайды. Бес саусақ бірдей емес, өмірде адам қателеседі. Қателіктері түзеу мекемесінде түзеліп, қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармай өздерін тәртіпке салып кететіндер, қайтадан қателікке бой алдырмайтындар баршылық- дейді мекемедегі опер бастығы Ербол Кемеров. 

Түзеу мекемесінің  ішкі аумағына кіргізілген сотталғандардың жақындары, мекемеде жазасын өтеп жатқандардың  жатын бөлмелерін, ас ішетін асханасын, медициналық бөлімшесін, сотталғандар жұмыс жасайтын өндірістік аймақты  аралатып мекеме тарапынан  олардың тыныс тіршілігі мен   таныстырып шықты. Жалпы қазіргі таңда түрмедегі түрлі тәртіпсіздіктермен қинап азаптау туралы оқиғалардың орын алатын жағдайлары туралы әр түрлі ақпараттар жарияланатыны да жалған емес, өздеріңіз әлеуметтік желілерде жағымсыз қылықтарды көріп те жатырсыздар. Алайда  Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №54 мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың арасында ондай сорақылықтар орын алмайтынына көз жеткізілді.

Ал мекемеге кірген сотталғандардың жақындарына, мекеме аумағында өндірістік аймақты аралатып, сол аймақта сотталғандар жұмыс жасап, жатқандарына көрсетіп, ол жерде жасалынып жатқан бір қаншама қол өнерлері мен еңбектер нәтижесі таныстырылды. Ол жерде түрлі қол өнеріне жататын домбыла, шахмат, шашка, түрлкі макеттер, қазақша оюлармен сәнделген қобдишалар т.б. көрсетілді. Мекемеде жазасын өтеп жатқандарды арнайы 6 түрлі кәсіппен оқытып жұмыспен қамтамасыз етілетіні, сол кәсіптің маманы ретінде жұмыыс жасайтыны, оған қоса сотталған азаматтың бейімділігіне қарай жұмысқа жұмылдырылатынын да мекеме әкімшілігі  тілге тиек етті.

Мекеме аумағында өндірістік мекемелер келіп өз кәсібін ашуға болады. Кәсіппен айналысқысы келген кәсіпкерлер, тиесілі техникаларын алып келіп, сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етіп өз кәсібін мекеме аумағында жасауға мүмкіндік бар. Келіп кәсібімді жүргіземін деушілер болса біз қарсы емеспіз- деді мекеме әкімшілігі.

Мекеме ішіндегі өндірістік мекемелер ол жерде үстелдер, әткеншектер, түрлі жиһаздар жасап, өнімдерін көрсетіп таныстырды. Егер кәсіпкер кетіп қалған жағдайда ол жерде өндірістік жұмыстар тоқтап қалатын көрінеді. Кәсіпкерлер өз кәсібін мекеме аумағында жасауға толық мүмкіндік бар.

Халықтың білуі керек болтан ақпараттар ішінде, медициналық бөлімі қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты екенін, асхана да аталған мекемеге қарамайтынын, сотталғандарға тамақ беретін асхана «РГП»- яғни  облыстық мемлекеттік кәсіпорынға тиесілі екенін ескере кеткен жөн. Жалпы Республика бойынша кейбір жағдайларда медициналық көмекпен асханаға қатысты сыни жағдайларда кейбір адамдар түзеу мекемесін айыптап айқай шу шығаратындарда жоқ емес әрине.

Спирттік ішімдікке салынып кеткендер, бұл жерде  спирттік ішімдік іше алмайды. Спирттік ішімдікке тәуелділер осылайша бұл жерде түзеледі, есірткі қолданатындар есірткі және психатроптық заттарға деген тәуелділікті ұмытады. Себебі бұл мекемеге есірті мұнда тұрсын, шыбын өткізілмейді. Мекемеге кіргізілетін заттар қатаң бақылауда. Түрмеге, яғни түзеу мекемесіне есірткі , мекеме қабырғасы арқылы сырттан лақтыру болмаса, мекеме тарапынан ондай заттар мүлдем өткізілмейді және қатаң қадағаланылады. Ал сырттан психатроптық заттар лақтыратындарға да бақылау күшейтілген, дәретханадан басқа барлық жерде бейнебақылау камералары орналастырылған, қисық қимыл жасай алмайсын. Түзеу мекемесінің ішінде парақорлық, заңсыздық әрекеттер мүлдем орын алуы мүмкін емес. Парақорлықпен сыбайластық іс әрекеттері, түрмеге келгенше сот барысында, тергеу амалдары жүріп жатқан уақыттарда орын алмаса, мұнда ондай сыбайластық мүлдем жоқ деді өз сұхбатында сотталған М.М.  

№54 мекемесінде жазасын өтеушілерге келген  туған-туысқандарына мекеме әкімшілігінің атынан мәдени іс-шара ұйымдастылып,  әлеуметтік желіде «жынды» қылықтары мен танылып ән айтып жүрген өнерге жаны жақын жанның бірі, жазасын өтеп жатқан  Мұрат Әбілда өзінің әндерін айтып келген қонақтарға рұхани көңіл-күй сыйлады.

Мекеме тарапы, сотталғандардың қолынан жасалған  қолөнерлерін келгендерге сыйға тарту етіп, шығарып салды.

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №54 мекемесі

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?