Автобус жүргізушісіне үкім жарияланды деп жариялады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі , Шымкент қаласы соттарына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында Ю.-ға қатысты үкім жарияланды.
2023 жылдың 6 сәуірінде шамамен сағат 17.08 шамасында Ю. алдын ала келісім бойынша №21 бағыттағы автобус жүргізушісі Ж.-мен ауысып, жол парағынсыз автобусты басқарып, жолаушыларды тасымалдаған азаматқа қатысты сот үкімі оқылды. Ю. сотқа ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын өрескел бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне және адамның денсаулығына ауырлығы «орташа» зиян келтiру) сотқа берілген қылмыстық істе  сотталушыны, мемлекеттік айыптаушы прокурор соттан, сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасын және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу куәлігінен айыру қосымша жазасын тағайындауды, жәбірленуші С.-тың талап арызын қанағаттандыруды сұрады.

Сот, сотталушы Ю.-ға жаза тағайындауда, қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, ол өз айыбын толығымен мойындауын, шын жүректен өкініш білдіруін, бұрын сотты болмағанын, жәбірленушілердің кешірім бергендерін және асырауында жас баласы барын, ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп,  Ю.-ны ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, көлік жүргізу құқығынан 7 (жеті) жылға айыра отырып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Жәбірленуші С.-тің талап арызы қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізде болса Шымкент қаласында, 8-сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі басқаруынсыз автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен.Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмған еді.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?