Алматыда Нигерия азаматтары бар хостел анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров мәлімдеді.
Полиция мен қалалық ҰҚКД қызметкерлері Алматының Алмалы ауданында орналасқан хостелдердің бірінде 14 Нигерия азаматын анықтады.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдері өткені белгілі болды.
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР-нан шығудан жалтарғаны үшін 12 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 2 шетелдік ПД-ның қабылдап таратуына орналастырылды. Қазіргі уақытта қабылдаушы жеке және заңды адамдарды анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде», — деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?