Түркістандық полицей мен оның шәкірті әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионатының жеңімпаздары атанды.

Грузия астанасында 20-дан астам мемлекеттен 800-ден аса спортшы жиналған әлемдік жарыс өтіп жатыр. Оған Түркістан облысы полиция департаментінің Оқу-жаттығу взводының инспекторы Жәнібек Айдарбек те қатысуда.

80 келіде жекпе-жектен сайысқа түскен Жәнібек 5 кездесу жасап, финалда Молдова спортшысын жеңді. Нәтижесінде жүлделі І орынды иеленіп, қанжығасын алтынмен толықтырды.

Сондай-ақ осы жарысқа Жәнібектің шәкірті Арнұр Анаш есімді жас жігіт 50 келі салмақта қатысып, жекпе-жектен ІІ орын алды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?