Журналистердің кәсіби қызметіне кедергі келтірген күдікті еріксіз емдеуге жіберілді. Бұл туралы Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі мәлімдеді,  Алматы соттарының жариялаған  қаулысына сілтеме жасап.
Жәбірленушілер полиция органдарына журналистердің қызметіне байланысты қауіп-қатер төндіру, бұзақылық әрекеттер жасау, мүлікті зақымдау және жою фактілері бойынша белгісіз тұлғаларға қатысты өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында 6 тұлғаның осы іске қатысты екені анықталған. Тергеу барысында күдіктілердің бірі – К.-ға 2 сот-психиатриялық сараптамасы жүргізіліп нәтижесінде сарапшылардың қорытындыларына сәйкес К. созылмалы психикалық бұзылысқа шалдыққананықталған.
Сот сараптамалардың қорытындылары негізінде К. қоғамдық қауіпті әрекеттерді жасаған кезде қабілетсіз күйде болған деген қорытындыға келіп,  ол өзінің іс-әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсінбеген және созылмалы психикалық аурудың салдарынан өзін-өзі басқара алмаған деп танып,  сотталушы қабілетсіз деп танылды және оны  психиатриялық стационарға еріксіз емдеуге жіберіу туралы қаулы қабылдады.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды. Материалдық залал және моралдық зиянды өтеу есебіне сотталушының заңды өкілінен 14 млн теңге өндіріп алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?